Тынығу, демалу, қунау, тынымдау

lat: Tynyǵý, demalý, qýnaý, tynymdaý

Тыным тауып, демін алу.

Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп тынығып кетіңіз («Қазақ ертегілері»).

Есімқұлдың үйінде аунап-қунап, демалып қалғандаймыз («Ақ бидай»).

Күн едәуір көтеріліп, өздері де қунап қалған еді (Ж. Арыстанов).

Соншама қыруар іс қысылыс шақ, тіпті жоқ тынымдауға сәл бір мұрат (Қ. Бекхожин).